БҚО ауылында ана қасқыр адамдарға шабуыл жасады.

БҚО ауылында ана қасқыр адамдарға шабуыл жасады.

Ағымдағы жылдың 7 мамырында Шыңғырлау ауданы Шоқтыбай ауылына қасқырдың шабуылы орын алып, ауылдың 4 тұрғыны зардап шекті. Сол күні ауыл тұрғындарымен қасқырдың көзін жойылып, ветеринарлық дәрігерлерге табысталды. Оған қоса, қасқыр тістеген иттерде жансыздандырылды. Ветеринар мамандар өз кезегіне қасқырдан патологиялық материал алып, құтыру ауруына вирусологиялық зерттеу жүргізу үшін ветеринариялық зертхана жолдады. Зерттеу нәтижесі 1 ай ішінде анықталады.

Қасқыр мен қасқырға тістелген иттердің өлекселері өртелу жолымен жойылды.