Наурыз мейрамы тойланды

Наурыз мейрамы тойланды

Бүгін облыстық ветеринария басқармасының ұжымы Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамын ұйымшылдықпен атап өтті. Осынау күні қызметкерлер жұмысқа ұлттық киім киіп, мерекеге сән-салтанатпен жиналды.

Басқарманың мәжіліс залының бір бұрышы киіз үй тәрізді ұлттық нақышта безендіріліп, қазақ халқының ұлттық тағамдарынан ақ дастархан жайылды.