Ветеринариялық іс-шаралардың орындалу барысы туралы селекторлық жиын өтті.

Ветеринариялық іс-шаралардың орындалу барысы туралы селекторлық жиын өтті.

2022 жылдың 16 наурызы күні Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Рашит Нәсіпқалиұлы Иманғалиевтің төрағалығымен облыс аумағында ветеринариялық іс-шаралардың орындалу барысы жөнінде «Zoom» бейне конференцбайланысы арқылы селекторлық жиын өтті. Жиынға басқарманың бөлім басшылары мен Орал қалалық және аудандық ветеринариялық  станция директорлары қатысты.

Селекторлық жиында Рашит Нәсіпқалиұлы жоспарлы ветеринариялық іс-шаралардың орындалуы, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, «QR-Doc» қосымшасы арқылы ветеринариялық анықтамалардың берілуі, санитарлық малдардың ет өңдеу кәсіпорындарына тасымалдануы және т.б. мәселелерге тоқталып өтіп, ветеринариялық станция директорларына облыс аумағында эпизоотиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы барлық іс-шаралардың уақытылы да, сапалы жүргізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.