Ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллезі бойынша эпизоотиялық ахуал

Ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллезі бойынша эпизоотиялық ахуал

Бруцеллез ауруына шалдыққан ауыл шаруашылығы жануарларын уақытылы анықтау мақсатында жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасы бойынша  2021 жылға арналған ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сәйкес Батыс Қазақстан облысы аумағында 762,5 мың бас мүйізді ірі қара мен 1 418,0 мың бас ұсақ малды бруцеллез ауруына зерттеу жоспарланды.

Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында аталған ауруға 389,7 мың бас мүйізді ірі қара зерттеліп, оның 4,1 мың басы оң нәтиже көрсетті. Облыстың ірі қара малы бруцеллезімен зақымдануы 1,0% құрады. Ұсақ мал арасында бруцеллез ауруына 719,4 мың бас зерттеліп, оның 1,2 мың басы оң нәтиже көрсетті. Облыстың ұсақ мал бруцеллезімен зақымдануы 0,2% құрады.

Барлық оң нәтиже көрсеткен санитарлық малдар етөңдеу кәсіпорындарына уақытылы тапсырылуда.

Ағымдағы жылы мүйізді ірі қара бруцеллезінен қолайсыз 27 ошақта жүргізілген сауықтыру шараларының нәтижесінде 21 ошақ сауықтырылды. Сонымен қатар, ұсақ мал бруцеллезінен қолайсыз 1 ошақтан (2020 жылы тіркелген) сауықтыру шараларының нәтижесінде шектеу алынды.