Жәнібек ауданында бұралқы иттер мен мысықтар биостерилизациядан өтті

Жәнібек ауданында бұралқы иттер мен мысықтар биостерилизациядан өтті

Ағымдағы жылдың 28 маусымы мен 06 шілдесі аралығында БҚО ветеринария басқармасымен жасалған келісім-шарт негізінде Орал қалалық ветеринариялық станциясының бұралқы иттер мен мысықтарды биозарарсыздандыру бойынша мобильді тобы Жәнібек ауданында болды. Осы аралықта мобильді топ аудан бойынша ауланған 141 бұралқы ит пен мысық биозарарсыздандырылды.

Барлық ота жасалған бұралқы жануарлар Жәнібек аудандық ветеринариялық станциясы аумағында орналасқан тор қоршауда 3-7 күн аралығында ұсталып, отадан кейінге қажетті күтім көрсетілгеннен кейін кері мекендеу орындарына жіберілетін болады.