Мүйізді ірі қара малдың кератоконъюктивиті

Мүйізді ірі қара малдың кератоконъюктивиті

Кератоконъюктивит – көздің конъюктивасы мен қасаң қабығының қабынуымен сипатталатын ауру.

Ірі қара малдағы кератоконъюктивит тез дамып, табынның көп бөлігіне әсер етеді. Өршу жаз-күз кезеңінде болып, экономикалық шығын келтіреді. Аурудан жазылған жануар қоздырғыштың тасымалдаушысы болып қалады. Сондықтан ауруды уақытылы анықтап, мүйізді ірі қара малды одан емдеуге кірісу қажет.

Ірі қара малда инфекциялық және инвазивті кератоконъюктивит жиі кездеседі. Бұл аурулар ұқсас белгілерге ие, бірақ олардың себептері әр түрлі.

Жұқпалы кератоконъюктивит – бұл көз қабығы мен конъюктивасының қабынуымен жүретін көру мүшесінің жіті ауруы. Аурудың басталуы мен таралуының басты себебі ірі қара иммунитетнің әлсіреуі. Қыста инфекция жануарлардың бір-бірімен тікелей байланыста болуынан жұғады. Жылдың ыстық мезгілінде бұған жәндіктер үлес қосады.

Инвазивті кератоконъюктивиттің негізгі себебі – гельминттер. Ең көп таралған қоздырғышы – бұзау нематодтары. Олар конъюктивалық қапшыққа түсіп, қабынуды тудырады.

Мүйізді ірі қара малының кератоконъюктивитінің белгілері, оны емдеу жолдары туралы төменде орналасқан бейнероликтен таныса аласыздар.