Брижит Бардо жануарларды қорғау Қорымен кездесу өтті

Брижит Бардо жануарларды қорғау Қорымен кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 20 мамыры күні Брижит Бардо жануарларды қорғау Қорының бастамасымен Батыс Қазақстан облысы мен Солтүстік Қазақстан облысының ветеринар мамандарының, жергілікті жануарларды қорғау ұйымдары өкілдерінің қатысуымен «бұралқы иттер санын реттеудің ауғанстандық тәжірибесі» тақырыбында Zoom бейнебайланысы арқылы онлайн пікіралмасу кездесуі оздырылды.
Кездесу барысында Mayhew International докторы Абдул Джалил Мохаммедизая мен Брижит Бардо жануарларды қорғау Қорының басшысы Брижит Олуа «Кабул қаласында бұралқы иттер санын реттеу» туралы презентациясымен таныстырып, жобаның басты мақсаты мен маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысының ветеринар мамандары облыс аумағында да бұралқы иттер мен мысықтар санын реттеу бойынша жұмыстардың жүргізілу барысына тоқталып, өз ойларымен бөлісті.