Жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы және диагностикасы бойынша ветеринарлық шаралардың жүргізілуі

Жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы және диагностикасы бойынша ветеринарлық шаралардың жүргізілуі

Соңғы жылдары облыс аумағында жануарлардың энзоотиялық және ивазиялық ауруларының кең таралуы, жайылымдық кенелердің ауыл шаруашылығы жануарларына шабуылы жылма-жыл мал шаруашылығына орасан зиян келтіріп, еліміздің экономикасына кері әсерін тигізуде. Соның салдарынан ауыл шаруашылығы жануарлары арасында гиподерматоз, ірі қара мен ұсақ малдың псороптозы, ұсақ малдың гельминтозы, сондай-ақ жайылымдық кенелер тудыратын (иксодтық) аурулар көбеюде.
2014 жылғы 15 сәуірде Батыс Қазақстан облысы әкімінің «Профилактикасы және диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін энзоотиялық аурулар тізімін бекіту» туралы № 71 қаулысына сәйкес соңғы жылдары облыстық бюджеттен қаражат бөлінуде.
Өткен 2020 жылы энзоотиялық ауруларға қарсы 17,7 млн.теңге қаражат бөлініп, Бәйтерек, Бөкей орда, Бөрлі, Жаңақала, Тасқала, Шыңғырлау аудандары мен Орал қаласы бойынша 111 322 бас ірі қара малы энзоотиялық ауруларға қарсы егілді.
Ағымдағы жылы 24,2 млн.теңге қаражат бөлініп, облыстың барлық аудандары бойынша 136 480 бас (көктемде 68 240 бас, күзде 68 240 бас) ірі қара малын энзоотиялық ауруларға қарсы егу жоспарланып отыр.
Күні бүгінге энзоотиялық ауруларға қарсы 33 400 бас ірі қара малы егіліп, егу жұмыстары одан әрі жалғасуда.
Энзоотиялық аурулар бойынша облыста эпизоотиялық ахуал тұрақты.