Ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллезі бойынша эпизоотиялық ахуал

Ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллезі бойынша эпизоотиялық ахуал

Бруцеллез ауруына шалдыққан ауыл шаруашылығы жануарларын уақытылы анықтау мақсатында жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасы бойынша 2021 жылға арналған ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сәйкес Батыс Қазақстан облысы аумағында 762,5 мың бас мүйізді ірі қара мен 1 418,0 мың бас ұсақ малды бруцеллез ауруына зерттеу жоспарланды.
Күні бүгінге аталған ауруға 262,4 мың бас мүйізді ірі қара зерттеліп, оның 2,4 мың басы оң нәтиже көрсетті. Ұсақ мал арасында бруцеллез ауруына 83,0 мың бас зерттеліп, оның 472 басы оң нәтиже көрсетті.
Барлық оң нәтиже көрсеткен санитарлық малдар етөңдеу кәсіпорындарына уақытылы тапсырылуда.
Ағымдағы жылы мүйізді ірі қара бруцеллезінен қолайсыз 20 ошақта жүргізілген сауықтыру шараларының нәтижесінде 5 ошақ сауықтырылды.
Сонымен қатар, ұсақ мал бруцеллезінен 2020 жылы тіркелген қолайсыз 1 ошақ сауықтырылды.