Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы қызметкерлерінің аудандарға жұмыс сапары

Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы қызметкерлерінің аудандарға жұмыс сапары

Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының қызметкерлері жұмыс сапарымен Бәйтерек, Бөрлі, Тасқала, Шыңғырлау аудандарында болып, аудандық ветеринариялық станциялардың директорларының қатысуымен ветеринариялық пункттерінде қызметкерлермен, ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу және кіріс-шығыс құжаттарымен, құрал-жабдықтармен, интернет байланысымен,  ветеринариялық  іс-шараларды жүргізу және жүргізілген іс-шаралар туралы акттер мен оған қосымша тізімдемелердің уақытылы толтырылу барысымен танысты.

Танысу барысында«Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидалары», «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің жәнебиологиялық материалдың сынамаларын алу қағидалары», ветеринариялық препараттардың сақталу жағдайы, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру мен бірдейлендіру деректер базасын қалыптастыру қағидалары, ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу,ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары талаптарының сақталуы туралы әдістемелік түсіндіру көмек жұмыстары көрсетілді.