Үй жануарларын чиптеу бойынша түсіндіру жұмыстарының барысы туралы

Үй жануарларын чиптеу бойынша түсіндіру жұмыстарының барысы туралы

БҚО ветеринария басқармасы, қалалық және аудандық ветеринариялық станция мамандарымен облыс тұрғындары арасында иелігіндегі ит пен мысықтарына чип салдыру міндеттелгендігі жөнінде түсіндіру жұмыстары аясында жадынамалар таратылып, «Aqjaiyq» телеарнасы мен қала орталығындағы LED-экрандарға хабарландырулар орнатылды. Күні бүгінге облыс бойынша 22 мыңнан астам аула араланып, жадынамалар таратылды.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде күні бүгінге иесі бар 565 ит пен мысыққа чип салынып, дерекқорға тіркелді.