Орал қаласында аулаларды аралау жұмыстары жүргізілуде

Орал қаласында аулаларды аралау жұмыстары жүргізілуде

Қазіргі уақытта қала тұрғындарын  «Батыс Қазақстан облысы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету» Қағидасына енгізілген өзгерістермен кеңінен таныстыру мақсатында облыстық ветеринария басқармасының бастамасымен Орал қалалық әкімдігі және өндірістік практикаға жіберілген Жәңгір атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті студенттерімен бірлесіп, Орал қаласында аулаларды аралау жұмыстары жүріп жатыр. Аулаларды аралау барысында тұрғындарға  жадынамалар мен ескертпелер таратылуда. Осындай жұмыстар барлық аудандарда да жасалуда.

Күні бүгінге қаламыздың орталығында орналасқан 2 500 астам аулаларға жадынамалар таратылды.

Анықтамалы: «Батыс Қазақстан облысы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету» Қағидасының 9-тармағына 2020 жылдың 9 желтоқсанында Батыс Қазақстан облыстының мәслихатының № 40-5 шешімімен өзгерістер енгізіліп, облыс аумағында иттер мен мысықтарды асырайтын тұрғындарға үй жануарларын өз қаражаты есебінен микрочип енгізіп немесе таңба (татуировка) салып, бірыңғай дерекқорда тіркеуден өту міндеттелді. Ол үшін мемлекеттік ветеринарлық ұйымдарға (ветеринариялық станция) немесе жеке ветеринариялық емханаларға жүгіну қажет.