«Батыс Қазақстан облысының аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету» Қағидасына енгізілген өзгерістер бойынша

«Батыс Қазақстан облысының аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету» Қағидасына енгізілген өзгерістер бойынша

2020 жылдың 9 желтоқсанында Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының № 40-5 шешімімен 2019 жылдың 28 тамызында БҚОмәслихатының № 28-2 «БҚО аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын бекіту туралы» шешімінің 9 тармағына өзгерістер енгізіліп, облыс аумағында иттер мен мысықтарды асырайтын тұрғындарға үй жануарларын өз қаражаты есебінен микрочип енгізіп немесе таңба (татуировка) салып, бірыңғай дерекқорда тіркеуден өткізу міндеттелді.

Иттер мен мысықтарды чиптеу, бірыңғай дерекқорда тіркеу қызметтері Орал қалалық және аудандық ветеринариялық станциялармен, ветеринариялық емханалармен жүзеге асырылады.

Ветеринариялық станциялар мен емханаларға жүгінге кезде:

1) үй жануарларына тері астына сәйкестендіру нөмірі бар микрочип енгізіледі немесе таңба (татуировка) салынады;

2) Жануар және оның иесі туралы ақпарат бірыңғай дерекқорға салынады;

3) жануар иесінің қаражаты есебінен ветеринарлық паспорт беріледі.

Иттер мен мысықтарды тіркеу немесе қайта тіркеу кезінде:

-  жануардың иесі туралы (аты-жөні, тұрғылықты мекен-жайы, байланыс нөмірі);

- жануардың лақап аты, жынысы, туылған күні, түсі, тұқымы,

- қажет болған жағдайда жануарлардың шығу тегінің нөмірі туралы  ақпараттарды жануар иесі ұсынуы керек.

Иттер мен мысық иесі жануарларының сатылуы, жоғалуы, басқа бір адамға табысталуы кезінде жергілікті жерде орналасқан ветеринариялық станцияларға немесе емханаларға дерекқордан шығарунемесе қайта тіркеу жөнінде хабарлауға міндетті.

Жоғарыда көрсетілген қызметтерді алу үшін төменде көрсетілген келесі мекен-жайлар жүгінуге болады:

Орал қалалық және аудандық ветеринариялық станциялар:

  1. Ақжайық аудандық ветеринариялық станциясы – Чапай ауылы, Қазақстан көшесі, 69. Тел.: 8 (71136) 40-028;
  2. Бәйтерек аудандық ветеринариялық станциясы – Переметное ауылы, Жеңіс көшесі, 111. Тел.: 8 (71130) 22-247;
  3. Бөкей ордасы аудандық ветеринариялық станциясы – Сайхын ауылы, К. Сағырбаев көшесі, 1. Тел.: 8 (71140) 21-757;
  4. Бөрлі аудандық ветеринариялық станциясы – Ақсай қаласы, Юбилейный көшесі, 12. Тел. : 8 (71133) 52-883;
  5. Жаңақала аудандық ветеринариялық станциясы – Жаңақала ауылы, И.Тайманов көшесі, 43. Тел.: 8 (71141) 40-034;
  6. Жәнібек аудандық ветеринариялық станциясы – Жәнібек ауылы, Ш. Мажитов көшесі, 203. Тел.: 8 (71135) 22-406;
  7. Казталов аудандық ветеринариялық станциясы – Казталов ауылы, Ветстанция көшесі, 1. Тел.: 8 (71144) 31-994;
  8. Қаратөбе аудандық ветеринариялық станциясы – Қаратөбе ауылы, Бейбітшілік көшесі, 1. Тел.: 8 (71145) 31-839;
  9. Сырым аудандық ветеринариялық станциясы – Жымпиты ауылы, Әйтеке би көшесі, 25. Тел.: 8 (71134) 21-778;
  10. Тасқала аудандық ветеринариялық станциясы – Тасқала ауылы, Первомайский көшесі, 35. Тел.: 8 (71139) 21-491;
  11. Теректі аудандық ветеринариялық станциясы – Федоровка ауылы, Бейбітшілік көшесі, 72. Тел.: 8 (71132) 23-426;
  12. Шыңғырлау аудандық ветеринариялық станциясы – Шыңғырлау ауылы, С. Датов көшесі, 93. Тел.: 8 (71137) 33-009;
  13. Орал аудандық ветеринариялық станциясы – Орал қаласы, Ақсай көшесі, 39/2. Тел.: 50-20-65.

Орал қаласында тіркелген ветеринариялық емханалар:

  1. «ZooDoctor» - Құрманғазы көшесі, 76/1. Тел.: 26-57-77, 8 705 177 97 23;
  2. «ZooVetCenter» - Құрманғазы көшесі, 33. Тел.: 50-05-19, 8 705 515 52 33;
  3. ЖК «Олексенко В.В.» - М. Ихсанов көшесі, 44/1Б. Тел.: 54-54-90;
  4. ЖК «Кальянова Т.Ю.» - Н. Назарбаев даңғылы, 67 а. Тел.: 26-51-40.

Қағиданың толық нұсқасымен сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыздар: https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-veterinaria/documents/details/153143?lang=kk