Құрметті зейнеткерлік демалысқа шығарып салды

Құрметті зейнеткерлік демалысқа шығарып салды

Батыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасының мәжіліс залында талдау, болжау, ветеринариялық есепке алу және лицензиялау бөлімінің басшысы Наурызбай Айтқалиұлы Манкеевті құрметті зейнеткерлік демалысқа шығуына орай салтанатты шара өткізілді.

Іс-шараға БҚО әкімінің орынбасары Алпыспаев Аманжол Әлиханұлы, БҚО ветеринария басқармасының және "Республикалық эпизоотияға қарсы отряд" РММ Батыс Қазақстан филиалының ұжымы қатысты.

Мерейтой иесіне БҚО әкімі Ғ. Есқалиевтің, БҚО ветеринария басқармасы басшысы С. Нұрмағанбетовтің Алғыс хаттарымен марапатталып, ҚР АШМ-нің "Еңбек ардагері" медалі табысталды.

Наурызбай Айтқалиұлы көптеген жылдар бойы кәсіби, парасаттылық пен адалдықтың үлгісі бола отырып, өз жұмысын адал атқарды. Өмір жолында бойына жинаған үлкен тәжірибе-білімімен көптеген жас мамандар бөлісіп, тәлімгер, ұстаз бола білді.

Құрметті Наурызбай Айтқалиұлы!

Сізге басқарма ұжымы зор денсаулық, отбасыңыздың амандығын және сарқылмас қуат тілейді!