Өңірлік коммуникациялар қызметінде басқарма басшысы С. Нұрмағанбетовтің қатысуымен брифинг өтті

Өңірлік коммуникациялар қызметінде басқарма басшысы С. Нұрмағанбетовтің қатысуымен брифинг өтті

2021 жылдың 4 наурызында Өңірлік коммуникациялар қызметінде Батыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасының басшысы Серік Базарұлы Нұрмағанбетовтің қатысуымен «БҚО бойынша эпизоотиялық ахуал. 2021 жылға жоспарланған ветеринариялық іс-шаралар» тақырыбында «AQJAIYQ» телеарнасында тікелей эфирде брифинг өтті.

Брифинг барысында Серік Базарұлы 2020 жылы облыс аумағында эпизоотиялық қауіпсіздікті нығайту бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталып, ағымдағы жылға жоспарларымен бөлісті.

Сонымен қатар, БАҚ өкілдері тарапынан келіп түскен сұрақтарға жауап берді.

2021 жылы атқарылатын жұмыстарға қысқаша тоқталсақ:

- Эпизоотияға қарсы ветеринариялық іс-шаралар аясында ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларына қарсы 5,9 млн. манипуляция, бруцеллез ауруына диагностикалық зерттеулер жүргізуде 2,2 млн. манипуляция жүргізу;

- 2021 жылы алынған төлдерді бірдейлендіру;

- 5 534 бұралқы иттер мен мысықтарды аулап, биозарарсыздандырудан өткізу;

- 11 жаңа мал қорымын салу;

- жылжымалы инсинератор құрылғысын сатып алу;

- облыс елді-мекендерінде жаппай ветеринариялық іс-шаралар жүргізуге арналған орындар (раскол) салу;

- 3-4 модульді ветеринариялық пункттерді сатып алу жоспарланып отыр.

Жалпы, биылғы жылы облыстағы эпизоотиялық қауіпсізді қамтамасыз етуге 1 млрд. 065 млн. қаражат бөлінді.