Кадрлық тағайындау

Кадрлық тағайындау
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ветеринария басқармасының «Орал қалалық ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына Қуандық Сағындықұлы Хамитов тағайындалды.
 
Қуандық Сағындықұлы 1991 жылы 6 тамызда Қаратөбе ауданының Саралжын ауылында дүниеге келген.
 
2013 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Зеленов ауданы Раздольный ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы ретінде бастаған. Әр жылдары мемлекеттік қызметте түрлі жауапты лауазымдарда еңбек етіп, жаңа тағайындауға дейін Батыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасында бас маман қызметін атқарған.
 
🔹 Қуандық Сағындықұлына жаңа қызметінде табыс, жауапты жұмысына сәттілік тілейміз!