2026 жылғы 3 сәуір күні Батыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасының қызметкерлері А. Каюпова және Қ. Хамитов Самара–Шымкент республикалық автожолы бойында орналасқан Теректі және Сырым аудандарының ауылдық округтеріне жұмыс сапарымен барды.
Жұмыс сапары барысында ауыл шаруашылығы жануарларын (ірі қара мал мен жылқыларды) жарық шағылыстырғыш ленталармен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралардың орындалуына тексеру жүргізілді. Аталған жұмыстар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және жануарлардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.
Сырым ауданының Бұлдырты ауылдық округінде мамандар шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесті. Кездесу барысында жарық шағылыстырғыш ленталарды пайдаланудың маңыздылығы түсіндіріліп, қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелері талқыланды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады және тұрақты бақылауда.
Жолдағы қауіпсіздік – баршамыздың ортақ міндетіміз!