📌Жеке және заңды тұлғалардың назарына!!!

📌Жеке және заңды тұлғалардың назарына!!!
Батыс Қазақстан облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларының қатысуымен жол-көлік оқиғасының орын алуына жергілікті жерлерде кейбір тұрғындардың ауыл шаруашылығы жануарларын қараусыз жайылымға жіберуі, кешкі уақытта қора-жайларға қамалмауы себеп болып отыр.
 
Қазіргі таңда, жылқы және МІҚ малдарына жарықшағылыстырғыш жолақтарын (флиппер) тағу ауыл шаруашылығы жануарларының қатысуымен жол-көлік оқиғаларын алдын алуға өзінің жоғарғы тиімділігін көрсетіп отыр.
 
Осыған байланысты жануарларыңызды жол-көлік оқиғаларынан сақтау үшін жарықшағылыстырғыш жолақтарын (флиппер) тағуды ұсынамыз.