Бүгін басқармада мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында қызметтік тәртіп, адалдық қағидаттары және мемлекеттік мүлікті тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Атап айтқанда, қызметтік автокөліктерді пайдалану тәртібі кеңінен түсіндіріліп, оларды тек қызметтік міндеттерді орындау мақсатында пайдалану қажеттігі атап өтілді. Қызметтік көліктерді жеке мақсатта қолдануға, оның ішінде жұмыс уақытынан тыс негізсіз пайдалануға жол берілмейтіні ескертілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік мүлікті мақсатсыз пайдалану заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкелетіні түсіндірілді.

Мемлекеттік қызметшінің басты қағидаттарының бірі – сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікке ұқыпты және жауапкершілікпен қарау екені тағы да назарға жеткізілді.
Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.