БҚО ветеринария басқармасында Наурыз тойланды

БҚО ветеринария басқармасында Наурыз тойланды

Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасында 20 наурыз күні Батыс Қазақстан облыстық Республикалық эпизоотияға қарсы отряды филиалымен бірлесіп Ұлыстың ұлы күні– Наурыз мерекесі аталып өтті.

Басқарма ауласына ұлттық нақышта киіз үй тігіліп, қазандықтар орнатылып, қазақ халқының ұлттық тағамдарымен ақ дастархан жайылды.

Аталған іс-шараға басқарманың және эпизоотияға қарсы отрядтың ардагерлері, Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Марат Утаралиев, сондай-ақ «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы Ержан Досмақов және басқа да шақырылған қонақтар қатысты.

Қонақтарды қарсы алу барысында шашу шашылып, бауырсақтан дәм ұсынылды.

Іс-шара Наурызнама аясындағы Ұлтты қойындар күні мен тұспа-тұс келіп, осыған орай ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Қатысушылар садақ ату, асық ату, гір көтеру, арқан тарту сынды ойындарға белсене қатысты.

Сонымен қатар, ән шырқалып, би биленіп, мерекелік көңіл-күй қалыптасты. Мерекенің көркін қыздырған ерекше сәттердің бірі – қазақ халқының көне дәстүрі бойынша жігіттің қалыңдығына жасырын келу көрінісінің сахналануы болды.

Осындай игі шаралар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ұжым бірлігін нығайды.

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!