Батыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасының мамандары басқарма басшысының орынбасары Н.Г. Кусаеновтың жетекшілігімен Ақжайық ауданына жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында аудандық ветеринариялық станция қызметкерлерімен кездесу өткізіліп, ауыл шаруашылығы жануарлары ауруларының алдын алу және олардың таралуына жол бермеуге бағытталған ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ автомобиль жолдарының маңындағы ауыл шаруашылығы жануарларына жарық шағылыстырғыш элементтер орнату бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ерекше назар аударылды. Бұл шара жануарлардың тәуліктің қараңғы уақытында көрінуін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының қаупін төмендетуге бағытталған.
Кездесу қорытындысы бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейту және жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тиісті ұсынымдар берілді.