Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара

Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара
6 наурыз күні Батыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасының ұжымында Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара өтті.
 
Ұжымның әйелдер қауымына құрмет көрсетіліп, гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табысталды.
 
Мерекелік кеш боулинг сайысымен жалғасып, достық әрі жылы атмосферада өтті. Қатысушылар бөлімдер бойынша командаларға бөлініп, бір-біріне қолдау көрсетіп, көтеріңкі көңіл-күйге бөленді.
Сайыс қорытындысы бойынша әр бөлім арнайы сыйлықтармен марапатталып, ешкім назардан тыс қалмады.
 
Іс-шара ұжымның әйелдер қауымына олардың еңбегі, кәсібилігі және ветеринария саласының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіруге тамаша мүмкіндік болды.