Ветеринария саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет тәртібінің сақталуы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетігі

Ветеринария саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет тәртібінің сақталуы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетігі

Ветеринария саласы – халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын стратегиялық бағыттардың бірі. Бұл салада көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапалы әрі уақтылы орындалуы, сондай-ақ заң талаптарының сақталуы қоғам сенімін қалыптастырудың негізгі факторы болып табылады. Сондықтан ветеринариялық қызметтерді көрсету барысында тәртіптің сақталуы мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесі ерекше маңызға ие.

Ветеринария саласы бойынша көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес басқармамен және басқармаға бағынысты Орал қаласы және аудандық ветеринариялық станциялармен мемлекеттік  қызметтің 5 түрі көрсетіледі:

1.Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру. 

2.Ветеринариялық анықтама беру.

  1. Ветеринариялық паспорт беру.
  2. Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актілерін беру.
  3. Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету).

Бұл аталған қызметтер – электрондық және көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсетіледі.

2025 жылы ветеринария саласы бойынша 405 091 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде: «Ветеринариялық анықтама беру» - 69 129, «Ветеринариялық паспорт беру» - 335 954, «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру» - 8.

Қызмет көрсету барысындазаңдылықты сақтау, ашықтық пен айқындық, қолжетімділік, қызмет алушыларға тең жағдай жасаунегізгі қағидаттар болып табылады:

Осы қағидаттардың сақталуы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ветеринария саласында бірқатар тиімді тетіктер енгізілген. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электронды форматқа көшірілген. Бұл өз кезегінде адам факторын азайтып, қызмет көрсету процесін автоматтандыру арқылы заңсыз әрекеттердің алдын алады. Электрондық үкімет порталы арқылы өтініш беру, қажетті құжаттарды онлайн жолдау және нәтижесін қашықтан алу – ашықтықты қамтамасыз етудің тиімді жолы.

Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру да маңызды бағыттардың бірі. Осы мақсатта тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары, семинарлар мен оқыту шаралары өткізіледі. Әрбір мемлекеттік қызметші өз қызметінде адалдық, жауапкершілік және кәсібилік қағидаттарын ұстануы тиіс.

Қорытындылай келе, ветеринария саласында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін қатаң сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – сапалы қызметтің кепілі. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар халықтың сенімін арттырып, ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал етеді.