Аталған қаражат эпизоотияға қарсы ветеринариялық профилактикалық іс-шараларды жүргізу, бруцеллез ауруына шалдыққан жануарларды санитарлық союға тасымалдау, санитарлық союға тапсырылған мал иелеріне өтемақы төлеу, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге арналған құлақ сырғаларын сатып алу, ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қарастырылған.
2026 жылға жоспарланған ветеринариялық іс-шаралар:

12 аса қауіпті ауруға қарсы 11,9 млн. астам жануарды вакцинациялау;

12 аса қауіпті ауру бойынша 2,4 млн. астам қан сынамаларын зерттеу;

энзоотиялық ауруларға қарсы 73,5 мың бас МІҚ өңдеу;

1,1 млн. дана ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге арналған құлақ сырғаларын сатып алу;

329,9 мың бас МІҚ, 476,2 мың бас ҰМҚ, 64,5мың бас жылқы, 315 бас түйе және 13,9 мың бас шошқаны бірдейлендіру;

3 ветеринариялық станция, 31 ветеринариялық пункт және 40 мал қорымының құрылысын жүргізу.