Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Дәурен Хаиров Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының мемлекеттік қызметшілерімен мемлекеттік қызметті дамыту бағыттары мен алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді талқылау бойынша жиын өткізді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптары түсіндіріліп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңның жаңа жобасында қарастырылған өзгерістер таныстырылды. Сонымен қатар кәсіби әдеп нормаларын сақтау, тиімді әрі ашық қызмет көрсету мәселелері кеңінен қозғалды.
«Заң мен тәртіп» қағидаты шеңберінде азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін қатаң сақтау қажеттігі атап өтілді.