Ветеринария мамандығы студенттерімен кездесу

Ветеринария мамандығы студенттерімен кездесу
Батыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасының өкілдері Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті-нің «Ветеринария» мамандығында білім алып жатқан студенттерімен кездесті.
 
Кездесуге басқарманың эпизоотияға қарсы ветеринариялық іс-шаралар бөлімінің басшысы Кенжебек Жолдығалиұлы Аймашев пен әкімшілік бөлімінің басшысы Балдай Жароллақызы Сапарғали қатысты. Екеуі де – аталған оқу орнының түлектері.
 
Кездесу барысында студенттерге ветеринария саласындағы қазіргі өзгерістер, эпизоотиялық жағдай, жас мамандарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары, мемлекеттік қызметке орналасу талаптары, конкурсқа қатысу тәртібі және саладағы бос жұмыс орындары туралы ақпараттар түсіндірілді.
 
Шара соңында университеттің «Мансап және бизнес-серіктестік» орталығының директоры Ақылбек Мұратұлы дуалды оқыту жүйесінің ерекшеліктері туралы баяндады.
 
Осындай кездесулер студенттердің кәсіби бағыт-бағдарын айқындауға оң әсер етеді деп сенеміз.