Бөрлі мен Шыңғырлау аудандарына іс-сапар

Бөрлі мен Шыңғырлау аудандарына іс-сапар

2020 жылдың 21 қазанында Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының басшысы Серік Нұрмағанбетов, басқарма басшысының орынбасары Абзал Бралиев, әкімшілік бөлімінің басшысы Нұрқайыр Құсайынов бастаған топ Бөрлі және Шыңғырлау аудандарында жұмыс сапарымен болып, аудандық ветеринариялық станциялардың жұмысымен, материалдық-техникалық жарақтандырылуымен танысып, аудандық ветеринар мамандарымен кездесті.

Бөрлі ауданында болған іс-сапарда Ақсай қаласы әкімдігімен салынған сыйымдылығы бір мезетте 20 қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша ұстауға арналған  орнында болып, аудан басшылығымен ауылдық елді мекендерде ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге қажетті арнайы расколдар құрылысын салу мәселелерін талқылады.

Шыңғырлау ауданына іс-сапар барысында басқарма басшылығы аудандық ветеринариялық станция ғимаратының жанынан ағымдағы жылы жаңадан салынған иесіз жүрген ауыл шаруашылығы жануарларын уақытша ұстауға арналған айыппұл тұрағында болды.

Сонымен қатар, Бөрлі және Шыңғырлау аудандарының ветеринар мамандарымен болған кездесуде басқарма басшысы Серік Базарұлы 2019 жылдың және ағымдағы жылдың І жартыжылдығында облыс аумағында ветеринариялық іс-шаралар жоспарының орындалуының қорытындысы бойынша ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті тарапынан жүргізілген тексеріс нәтижесінде ветеринариялық станциялардың қызметінде анықталған кемшіліктер, бұралқы иттер мен мысықтарды аулап, биозарарсыздандыру өткізу, ветеринариялық станциялармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, аудандық ветеринар мамандардың аттестациядан өтуі және т.б. мәселелерге тоқталып, аудандық ветеринар мамандардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, қызмет барысында туындаған сұрақтарына жауап берді.