Круглоозерное және Серебряково ауылдарында “Tort Tulik” қосымшасын қолдану және жарықшағылыстырғыш ленталар тағу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Круглоозерное және Серебряково ауылдарында “Tort Tulik” қосымшасын қолдану және жарықшағылыстырғыш ленталар тағу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Орал қаласының Круглоозерное және Серебряково елді мекендерінде тұрғындармен “Tort Tulik” қосымшасына тіркелу және ауыл шаруашылығы жануарларына жарықшағылыстырғыш ленталар тағу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
 
Мал иелеріне:
✅ “Tort Tulik” қосымшасын қолданудың маңыздылығы,
✅ жол-көлік оқиғаларын алдын алу үшін жануарларға жарықшағылыстырғыш ленталар тағу қажеттілігі,
✅ ветеринариялық профилактикалық іс-шаралардың маңыздылығы түсіндірілді.
 
Іс-шараға Орал қалалық ветеринариялық станцияның директоры Е. Ищанов, ветеринариялық инспекция қызметкерлері, ветеринариялық дәрігерлер, жергілікті полиция қызметкерлері, әкімдік өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты.
 
Тұрғындарға жол қауіпсіздігін сақтау, малды қараусыз қалдырмау, түнгі және қараңғы уақытта жолға шығудан қорғау, малды тек үй қорасында ұстау және арнайы белгіленген өткелдер арқылы өткізу жөнінде кеңестер берілді. Жиынға қатысқан барлық мал иелері “Tort Tulik” қосымшасына тіркелді.
 
⚠️ БҚО ветеринария басқармасы ауыл шаруашылығы жануарларының иелерін жауапкершілікке, жол қауіпсіздігін сақтауға және ветеринариялық талаптарды қатаң орындауға шақырады.