
2025 жылы облыста қаңғыбас жануарлар мәселесін жүйелі түрде шешу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жануарларға ізгілікпен қарау қағидаттарын сақтау бағытында кешенді жұмыстар жүргізілді.
Қаңғыбас иттерді аулау және биозарарсыздандыру шараларына облыстық бюджеттен 73,3 млн теңге қаражат бөлінді.
Жыл басынан бері 7 387 қаңғыбас жануар ауланды.
▪️ Оның 3 721-і биозарарсыздандырылып, қайтадан табиғи мекендеу ортасына жіберілді.
▪️ 3 666 қаңғыбас ит тұрғындардың өтініштері негізінде жансыздандырылды.
Бүгінгі таңда үй жануарларын тіркеу дерекқорында барлығы 27 642 жануар есепке алынған.
Оның ішінде:
▪️ 21 097 — қаңғыбас жануар
▪️ 6 545 — иесі бар жануар
Барлық жануарларға сәйкестендіру чиптері салынып, есепке алынды.
Жыл қорытындысы бойынша үй жануарларын асырау және серуендету қағидаларын бұзғаны үшін жергілікті полиция қызметі тарапынан 228 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 4,9 млн теңге айыппұл салынды.
Аталған жұмыстар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ елдімекендердегі санитариялық және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.