Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша онлайн-кеңес

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша онлайн-кеңес

2026 жылдың 12 қаңтарында Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының басшысы А. Бралиевтің төрағалығымен Орал қаласы мен аудандардың ветеринариялық станцияларының директорлары арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру»тақырыбында онлайн-кеңес өткізілді.

Басқарма басшысы өз сөзінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»заңның талаптарын түсіндірді, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тұрақты түрде ішкі талдау жүргізу қажеттілігі туралы айтылды.

2021 жылдан бастап ветеринария жүйесін реформалау басталды, мемлекет ақпараттық жүйелерін енгізуге, материалдық базаны жақсартуға және жалақыны көтеруге қаржыландыруды ұлғайтты.

Ал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін дұрыс ішкі талдау сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға негіз қалайды.

Сондай-ақ, жекелеген мал дәрігерлерінің жұмысында орын алып отырған кемшіліктерге назар аударып, оған жол бермеу керектігі айтылды.

Өз тарапынан Ветеринария басқармасы тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тұрақты негізде жұмыстар жүргізілуде.Мысалы, 2025 жылы Орал қаласы мен Қазталов ауданының ветеринариялық станцияларындағы бұзушылықтар туралы ақпарат мемлекеттік аудит органдарына жіберілді.Нәтижесінде аудиттермен бас есепшілергежалақы ретінде штаттық кестелерде белгіленген жалақы мөлшерінен жоғары қаражатты негізсіз аудару бойынша бұзушылықтар анықтады. Материалдар құқық қорғау органдарына құқықтық бағалау үшін жіберілді.

Соңында басқарма басшысы аудандар мен Орал қаласының ветеринария станцияларының директорларына, басқарманың бөлім басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.