2025 ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖАНУАРЛАРЫН БІРДЕЙЛЕНДІРУ

2025 ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖАНУАРЛАРЫН БІРДЕЙЛЕНДІРУ
2025 жылы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілді.
 
Бірдейлендіру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында басқарма тарапынан:
344 491 дана мүйізді ірі қара мен 588 дана түйеге,
918 943 дана ұсақ малға және 21 901 дана шошқаға арналған сырға бұйымдары сатып алынды.
Жергілікті ветеринариялық станциялар бірдейлендіруге қажетті сырға бұйымдарымен толықтай қамтылды.
 
Жоспарланған көрсеткіштерге сәйкес 336 488 бас мүйізді ірі қара,
533 866 бас ұсақ мал, 336 бас түйе, 14 527 бас шошқа және
75 896 бас жылқы (оның ішінде 66 823 басы чиптеу, 9 073 басы таңбалау тәсілімен)
бірдейлендіріліп, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорына енгізілді.
 
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорында
1 093 827 бас ірі қара, 1 572 108 бас ұсақ мал, 323 898 бас жылқы,
2 554 бас түйе және 16 796 бас шошқа тіркелген.
 
Ауыл шаруашылығы жануарларының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында тасжол бойындағы елді мекендерде ірі қара мен жылқыларға жарықшағылыстырғыш ленталар тағу жұмыстары жүргізілді.
Жыл қорытындысы бойынша 8 886 бас мүйізді ірі қара мен 4 250 бас жылқыға жарықшағылыстырғыш ленталар тағылды.