2025 ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРДЫҢ НӘТИЖЕСІ

2025 ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРДЫҢ НӘТИЖЕСІ
Батыс Қазақстан облысында 2025 жылы жануарлардың жұқпалы және аса қауіпті ауруларының алдын алу бағытында ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарға сәйкес, жүйелі түрде жүргізілді.
 
Вакцинациялау жұмыстары
2025 жылға облыс бойынша 11,1 млн бас ауыл шаруашылығы жануарларын вакцинациялау жоспарланды. Ағымдағы жылы қажетті көлемде вакцина жеткізіліп, елді мекендерде жоспарлы екпе жұмыстары ұйымдастырылды.
Нәтижесінде 11,1 млн бас жануар толық вакцинацияланды, яғни жоспар 100% орындалды. Вакцинациялау барлық санаттағы ауыл шаруашылығы жануарларын қамтып, жұқпалы аурулардың алдын алуға бағытталды.
 
Диагностикалық зерттеулер
Ағымдағы жылы 2,2 млн бас малды диагностикалық тексеруден өткізу жоспарланды.
Бруцеллез ауруына:
▪️ 864,1 мың бас ірі қара мал зерттеліп, 5 479 басынан оң нәтиже анықталды. Облыс бойынша зақымдану деңгейі – 0,6%.
▪️ 1 359,3 мың бас ұсақ мүйізді қара мал зерттеліп, 867 басынан оң нәтиже тіркелді. Зақымдану көрсеткіші – 0,1%.
Бруцеллезге шалдыққан жануарлар облыс аумағындағы 9 санитарлық сою ұйымына жіберілді.
Жыл басынан бері 5 390 бас ірі қара мал және 860 бас ұсақ мүйізді қара мал санитарлық сою орындарына тапсырылды.
 
Аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша жағдай
2025 жылы облыс аумағында 4 аса қауіпті жұқпалы ауру ошағы тіркелді. Оның ішінде:
— ірі қара мал арасында 3 құтыру ауруының ошағы,
— 1 бруцеллез ауруының ошағы.
Барлық тіркелген ошақтарда ветеринариялық іс-шаралар дер кезінде жүргізіліп, залалсыздандыру жұмыстары уақытылы атқарылды.
📉 Ошақтардың саны өткен жылмен салыстырғанда шамамен 56%-ға азайып (2024 жылы – 9 ошақ) профилактикалық шаралардың тиімділігін көрсетеді.
 
Қорытынды
Жоспарлы вакцинациялау, кең ауқымды диагностикалық зерттеулер және жедел ветеринариялық әрекеттердің нәтижесінде облыста эпизоотиялық жағдай тұрақты сақталып, жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының тіркелуі айтарлықтай төмендеді.