Ағымдағы жылдың 23 желтоқсанында Тасқала ауданының Қазақстан ауылдық округінде жаңа ветеринариялық пункттің ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Қ. Айтмухамбетов, Батыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасының басшысы А. Бралиев, аудан әкімінің орынбасары Р. Рахметуллин, ветеринариялық сала мамандары және ауыл тұрғындары қатысты.
Жаңа ветеринариялық пункттің лентасын Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қ.Айтмухамбетов пен Қазақстан ауылдық округінің ардагері Ж. Құспанова қиды.
Ветеринариялық пункттің жобалық құны – 15,0 млн теңге.
Нысан қазіргі заман талабына сай толықтай жабдықталып, ветеринариялық мамандардың сапалы жұмыс атқаруына барлық жағдай жасалған.
Бұл бастама – Қазақстан Республикасы Президентінің ветеринария саласын реформалау жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асырудың нақты көрінісі, әрі ауыл тұрғындарына көрсетілетін ветеринариялық қызметтің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.