Тасқала ауданының Шежін және Ақтау ауылдарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Тасқала ауданының Шежін және Ақтау ауылдарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Ауыл шаруашылығы жануарларының қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Шежін және Ақтау ауылдарында тұрғындармен кездесу өтті.
Жиынға басқарма басшысы А. Бралиев, Тасқала ауданы әкімінің орынбасары Р. Рахметуллин, аудан прокуроры А. Унаев, ветеринариялық станция директоры М. Шамшитова, сондай-ақ ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтарының иелері қатысты.
Кездесу барысында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, жайылым қағидалары, қараусыз малдың жол үстіне шығып кетуінің салдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, түнгі уақытта жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында малға жарық шағылыстырғыш қарғыбау немесе лента тағу ұсынылды.
Бұл шара — жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және адам өмірін сақтауға бағытталған тиімді әдіс.