10 қазан - ҚР Кәсіподақтар Федерациясы күні

10 қазан - ҚР Кәсіподақтар Федерациясы күні

2020 жылдың 16 қазанында БҚО ветеринария басқармасының қызметкерлері «Құрылыс комплексі және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ БҚОФ төрағасы Ғ. Сахиповпен кездесті.

Кездесу барысында Ғ. Сахипов ҚР Кәсіподақтар Федерациясы күніне орай басқарманың бірдейлендіру, ветеринарлық-санитарлық іс-шаралар және төтенше жағдай бөлімінің басшысы Р. Қайырлиевке «Құрылыс комплексі және ТКШ қызметкерлерінің салалық одағы» ҚБ төрағасы К. Есенгазинің «Құрмет грамотасын», эпизоотияға қарсы ветеринарлық іс-шаралар бөлімінің басшысы Б. Иралиевке  «Құрылыс комплексі және ТКШ қызметкерлерінің салалық одағы» ҚБ төрағасы К. Есенгазинің, эпизоотияға қарсы ветеринариялық іс-шаралар бөлімінің бас маманы Е. Кошубякқа «БҚО кәсіподақ орталығы» АКБ төрайымы А.Есекенованың алғыс хаттарын табыстап, өз атынан талдау, болжау, ветеринариялық есеп және лицензиялаубөлімінің бас маманы Қ. Хамитовты алғыс  хатпен марапаттады.

Әріптестерімізді марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!