Басқарма басшысы С. Нұрмағанбетов Бәйтерек және Теректі аудандарына іс сапармен барды

Басқарма басшысы С. Нұрмағанбетов Бәйтерек және Теректі аудандарына іс сапармен барды

 

2020 жылдың 14 қазанында Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының басшысы С. Нұрмағанбетов, басқарма басшысының орынбасары А. Бралиев, әкімшілік бөлімінің басшысы Н. Құсайынов бастаған топ Бәйтерек және Теректі аудандарында жұмыс сапарымен болып, аудандық ветеринариялық станциялардың жұмысымен, материалдық-техникалық жарақтандырылуымен танысты.

Басқарма басшысы Серік Базарұлы бастаған топ Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары М. Бәйменовпен бірге Переметный ауылындағы мал қорымында болып, мал қорымының аумағын ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестендіру бойынша қосымша жұмыстар атқару қажеттігін атап өтті.

Теректі ауданына іс-сапар барысында басқарма басшылығы аудан аумағында жоғары патогенді құс тұмауының алдын алу мақсатында жүргізіліп жатырған егу жұмыстарының барысымен танысты.

Сонымен қатар, басқарма басшысы іс-сапармен болған 2 ауданда да аудандық ветеринариялық станция мамандарымен және ауылдық округтердің ветеринариялық пункт меңгерушілерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Серік Базарұлы 2019 жылдың және 2020 жылдың І жартыжылдығында облыс аумағында ветеринариялық іс-шаралар жоспарының орындалуының қорытындысы бойынша ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті тарапынан жүргізілген тексеріс нәтижесінде ветеринариялық станциялардың қызметінде анықталған кемшіліктер, бұралқы иттер мен мысықтарды аулап, биозарарсыздандыру өткізу, ветеринариялық станциялармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, аудандық ветеринар мамандардың аттестациядан өтуі және т.б. мәселелерге тоқталып, аудандық ветеринар мамандардың қызмет барысында туындаған сұрақтарына жауап берді.