Бұралқы жануарларды биозарарсыздандыру жалғасуда

Бұралқы жануарларды биозарарсыздандыру жалғасуда

2020 жылдың 9 қазаны күні Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың «Жәрдемвет» оқу-ғылыми өндірістік орталығының мамандары Сырым аудандық ветеринариялық станциясының мамандарымен ауланған бұралқы иттер мен мысықтарды биозарарсыздандырудан өткізу мақсатында Сырым ауданында болып, 21 бұралқы иттер мен мысықтарға (16 ит пен 5 мысық) ота жасады.

Бұралқы жануарларды биозарарсыздандырудан өткізу жылжымалы шатыр ішінде жасақталған ота жасау бөлмесінде жүргізілді.

Күні бүгінге биозарарсыздандырудан өткен 6 бұралқы ит пен 2 мысық қайтадан мекендеу ортасына қайтарылды.

Анықтамалы: 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап бұралқы иттер мен мысықтарды аулап, биозарарсыздандырудан өткізу қызметі Орал қаласының және аудандық ветеринариялық станцияларына жүктелді.