2025 жылдың 11 қазанында "Қала аумағын тазалау, көгалдандыру және абаттандыру жөніндегі санитарлық-экологиялық айлығы" аясында сенбілік өткізілді.
Іс-шараға Батыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасының қызметкерлері белсене қатысты. Сенбілік барысында Сәкен Сейфуллин атындағы тынымбақ аумағы қоқыстардан тазартылды.
Мұндай шаралар қала аумағының тазалығын сақтауға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған.