Ветеринария саласының ардагерлерімен кездесу

Ветеринария саласының ардагерлерімен кездесу

Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасында Қарттар күніне орай ветеринария саласының ардагерлерімен дәстүрлі кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты – өңірдегі ветеринария саласының дамуына өмірін арнаған ардагерлерге құрмет көрсету, олардың еңбегін бағалау және жас мамандарға үлгі ету.

Кездесуге басқармада және аудандық ветеринариялық станцияларда еңбек еткен ардагерлер шақырылды. Олар бүгінде зейнеткерлік демалыста болса да, өз ісіне адалдығымен, бай тәжірибесімен және кәсіби біліктілігімен ерекшеленеді.

Басқарма басшысы Абзал Серікұлы Бралиев ардагерлерге ұзақ жылғы еңбегі мен ветеринария саласының дамуына қосқан зор үлесі үшін ризашылығын білдіріп, естелік сыйлықтар табыс етті.

Кездесу барысында ардагерлер еңбек жолындағы қызықты естеліктерімен бөлісіп, бүгінгі жас мамандарға жылы лебіздерін жеткізді. Жылы жүздесу ағабуын мен жасбуын арасындағы сабақтастықтың, сыйластық пен құрметтің айқын көрінісі болды.

Мұндай шаралар ардагерлерге олардың еңбегі ұмытылмағанын сезіндіреді және ветеринария саласының жас қызметкерлеріне үлкен өнеге болып табылады.