Өңірде ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда

Өңірде ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда

Бүгін, 9 қазан күні Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының басшысы Абзал Бралиев Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясына қатысып, өңірде ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Баспасөз конференциясында ветеринариялық қызметті реформалау, материалдық-техникалық базаны жаңарту, қаржыландыру көлемін ұлғайту және бұралқы жануарлар мен жұмыс мәселелері айтылды. Сондай-ақ эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мен жануарлар ауруларының алдын алу шараларының маңызы атап өтілді.

Абзал Бралиевтің айтуынша, ветеринариялық саладағы негізгі мақсат – өңірдің эпизоотиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету, тұрғындардың және ауыл шаруашылығы субъектілерінің мүддесін қорғау. Бұл бағытта жүйелі жұмыстар жалғасуда.