Малдың қараусыз жайылымға жіберілуі мен қораға қамалмауы салдарынан ұрлық пен жол-көлік оқиғалары жиілеп отыр.
Осыған байланысты ҚР Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №943 бұйрығымен бекітілген “Ұрлықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024–2026 жылдарға арналған бағдарламаға” сәйкес, БҚО ветеринария басқармасының басшысы А.С. Бралиевтің төрағалығымен БҚО полиция департаментінің және басқарма ұжымының қатысуымен жиналыс өтті.
Жиналыста:
- ауыл шаруашылығы жануарлары мен өнімдеріне ветеринариялық құжат рәсімдеу;
- «ҚР аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР АШМ-нің 2015 жылғы 29 мамырдағы №7-1/496 бұйрығы талаптарын сақтау;
- жануарларды бірдейлендіру мәселелері талқыланып, тапсырмалар берілді.
16–17 қыркүйек күндері осы Бағдарлама аясында БҚО ПД Патрульдік полиция батальоны қызметкерлеріне мал мен ет өнімдерін тасымалдау және ветеринариялық анықтамаларды тексеру тәртібі бойынша семинар ұйымдастырылды.
Құрметті тұрғындар!
Малдарыңызды қараусыз қалдырмай, ережелерді қатаң сақтауға шақырамыз. Бұл – мал ұрлығының алдын алу мен жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің кепілі!