2025 жылдың 19 қыркүйегінде Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының ұжымы халықаралық «World Clean Up Day» акциясына қатысты.
Сенбілік барысында басқарма ғимаратының алдындағы және іргелес аумақтарда тазалық жұмыстары жүргізіліп, қоқыстар жиналды. Акцияның негізгі мақсаты – қоғамды қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға және экологиялық мәдениетті дамытуға шақыру.