Қаратөбе ауданында бұралқы иттер мен мысықтар аулануда

Қаратөбе ауданында бұралқы иттер мен мысықтар аулануда

Ағымдағы жылы Батыс Қазақстан облыс аумағында бұралқы иттер мен мысықтарды аулау және биозарарсыздандыру жұмыстары басталған болатын.

Қаратөбе ауданы бойынша бұралқы иттер мен мысықтарды аулап, биозарарсыздандырудан өткізу қызметі ағымдағы жылдың соңына дейін Қаратөбе аудандық ветеринариялық станциясымен көрсетілетін болады. Аудандық ветеринариялық станция бұралқы иттер мен мысықтарды аулауды жүргізіп, оларды биозарарсыздандырудан өткізу үшін қосалқы мердігер ретінде Жәңгір хан атындағы БҚАТУ тартылды.

Қазіргі таңда аудан аумағында 41 бұралқы ит ауланды. Ағымдағы жылдың 8 қазаны күні Жәңгір хан атындағы БҚАТУ мамандары Қаратөбе ауданында жылжымалы шатырда ота жасау бөлмесін жасақтап, биозарарсыздандыру жұмыстарын жүргізді.