Жануарларды чиптеу және бұралқы иттер мәселесі - ортақ жауапкершілік

Жануарларды чиптеу және бұралқы иттер мәселесі - ортақ жауапкершілік
4 тамыз күні Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының ғимаратында маңызды басқосу өтті.
Бұл дөңгелек үстелді қаладағы өзекті мәселе – бұралқы иттер санын реттеу және үй жануарларын міндетті чиптеу тақырыбында Орал қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Азиза Арыстанова ұйымдастырды.
Шараға қалалық мәслихат депутаты Нұрлыхан Әбенов, «Хатико», «За жизнь» сияқты жануарларды қорғау ұйымдарының өкілдері, Жәңгір хан атындағы университет жанындағы жануарлар панажайының басшылары, полиция қызметі, қоғам белсенділері, қалалық ветеринарлық станция мамандары және мемлекеттік органдар қатысты.
📌 Талқылаудың басты бағыттары:
– Үй жануарларын чиптеу арқылы міндетті тіркеу 🐾
– Жануарларды ұстау ережелерін сақтау
– Жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру
– ҚР заңнамасын орындау
Бұл – бәрімізге ортақ мәселе. Қала қауіпсіздігі мен жануарлардың тағдыры әрқайсымыздың жауапкершілігімізге байланысты.