31 шілде – 1 тамыз күндері облыстық ветеринария басқармасының мамандары Ақжайық және Жаңақала аудандарына жұмыс сапарымен барып, ауылдық округтердің ветеринариялық пункттерін аралады.
Іссапар мақсаты – ветеринариялық іс-шаралардың орындалу барысымен танысу және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша әдістемелік көмек көрсету.
Ветеринариялық пункт меңгерушілеріне құқықтық оқыту ұйымдастырылып, қызмет көрсету барысында жиі кездесетін мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, анықталған кемшіліктерді жою бойынша нақты ұсыныстар берілді.
Жұмыс сапары – жергілікті ветеринариялық қызмет сапасын арттыруға және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.