БҚО ветеринария басқармасының басшысы Тасқала ауданында іс-сапармен болды

БҚО ветеринария басқармасының басшысы Тасқала ауданында іс-сапармен болды

2020 жылдың 1 қазанында Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының басшысы Серік Нұрмағанбетов Тасқала ауданында қызметтік іс-сапармен болды.

Іс-сапарбарысында Серік Базарұлы Тасқала аудандық ветеринариялық станциясының жұмысымен жәнематериалдық-техникалық жабдықталуымен танысып, ветеринариялық станция мамандары мен ауыл округтердің ветеринариялық пункт меңгерушілерінің қатысуымен жиын өткізді.

Жиын Тасқала ауданы әкімінің орынбасары Аян Халауединнің төрағалығыменөтті.

Серік Базарұлы өз сөзінде қыркүйек айында 2019 жылдың және 2020 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша облыс аумағында ветеринариялық іс-шаралар жоспарының орындалуын ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті тарапынан жүргізілген тексеру нәтижесінде ветеринар мамандармен жіберілген кемшіліктерге тоқталып, аудан аумағында бұралқы иттер мен мысықтарды аулап, биозарарсыздандырудан өткізуді, мал молаларының ветеринарлық-санитарлық талаптарға сай болуын, жоспарлы ветеринариялық іс-шаралардың, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар, облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы Нұрхайыр Құсайынов ағымдағы жылы қараша-желтоқсан айларында өткізілетін ветеринариялық станция мамандарын аттестациялау тәртібі туралы хабарлама жасады.