Береке, бірлік және кәсіби мереке

Береке, бірлік және кәсіби мереке

Ветеринария қызметкерлері күніне орай аудандық ветеринариялық станция мамандары мен ветеринария басқармасы арасында дәстүрлі волейбол турнирі өтті.

Турнирдің салтанатты ашылуы Теректі ауданының Подстепное ауылында, ал жабылуы көркем Шалқар көлінің жағасында өтті.

Волейболдан бөлек, қатысушылар ұлттық ойындарда бақтарын сынады:
– “Қой көтеру”
– “Арқан тартыс”

🏆 Волейбол турнирінің нәтижесі бойынша:
🥉 3 орын — Жәнібек аудандық ветеринариялық станциясы
🥈 2 орын — Ақжайық аудандық ветеринариялық станциясы
🥇 1 орын — Жаңақала аудандық ветеринариялық станциясы

Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Шара соңы Теректі ауданының өнерпаздарының қатысуымен өткен концертпен аяқталды.