
Бәйтерек ауданының Январцево ауылында ветеринария саласына серпін беретін маңызды оқиға орын алды — жаңа ветеринариялық пункт ашылды!
Заманауи талаптарға сай салынған бұл нысан ауыл шаруашылығы жануарларының саулығын қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады. Ғимарат толықтай ветеринар мамандарға қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған.
Ашылу салтанатына БҚО ветеринария басқармасының басшысы Абзал Бралиев, аудан әкімінің орынбасары Лауаз Уәлиев, ауыл тұрғындары мен сала мамандары қатысты. Іс-шара барысында ауыл тұрғындары ветеринария саласына жасалып жатқан қолдауға ризашылықтарын білдірді.
Салтанатты шарадан кейін басқарма басшысы аудан аумағында салынып жатқан мал сою пунктінің құрылыс барысымен танысты. Бұл да — ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі.
Ветеринария — тек жануарлардың емес, бүкіл елдің азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі. Мұндай жобалар ауыл өмірін жандандырып, ветеринар мамандардың еңбек жағдайын жақсартып, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттырады.