Ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметші болу – жауапты міндет. Себебі ол – қашан да биліктің айқын бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетуші тұлға. Әрбір саналы адам еңбек етіп өз елінің бір кірпіші болып қалануды мұрат ететіні анық. Оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің мақсаты биік, міндеті үлкен. Ісін жетік меңгерген халқына адал мамандардың болуы әрбір саланың өңірі дамуының басты шарты деп білеміз.
Осындай парасаттылықты, білімділікті бойына сіңірген, қызметте қол ұшын беруден аянбайтын жандардың бірі – Гүлмира Рамазанқызы Габдуллина. Ол 1988 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын «ветеринарлық дәрігер» мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын Казталов аудандық ветеринарлық зертханасының ветеринарлық дәрігері болып бастаған. 1988-1992 ж.ж. Фурманов аудандық ветеринарлық зертханасының ветеринарлық дәрігері, 1992-1997 ж.ж. Батыс Қазақстан облыстық ветеринарлық зертханасының ветеринарлық дәрігер-химигі, лаборанты, болып, 1997-1998 ж.ж. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық ветеринарлық зертханасының ветеринарлық дәрігер - серологы, 2003-2006 ж.ж. Батыс Қазақстан Жәнгір хан атындағы аграрлық-техникалық университетінің ветеринарлық медицина кафедрасының дәрігер-ординаторы, жұқпалы емес аурулар кафедрасының аға зертханашысы, 2006-2007 ж.ж. Батыс Қазақстан облысы инженерлік-технологиялық университетінің инженерлік-технологиялық колледжінің хатшысы, 2008-2009 ж.ж. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының қорғаныс істері бойынша басқармасының әскерге шақырушы комисиясының іс жүргізушісі, 2010 ж. Батыс Қазақстан облысы «Орал-Жер» ЖШС-нің агрохимигі, 2010-2015 ж.ж. Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының ветеринария бөлімінің жетекші маманы,2015 жылдың ақпан айынан бастап күні бүгінге дейінБатыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының талдау, болжау, ветеринариялық есеп және лицензиялау бөлімінің бас маманы қызметін абыроймен атқарып келеді.Мемлекеттік қызметте, соның ішінде ветеринария саласын көтеруде өз үлесін қосып, 12 жыл аянбай еңбек етіп келеді.
Бүгінде еліміздің өсіп-өркендеуі, халықтың әл-ауқатының артуы, қоғамдағы бірқатарөзекті мәселелердің жақсы жағынан шешілуі мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне тікелей байланысты. Дамыған елдердің тәжірибесі мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда мемлекеттік аппараттың кадрлық мүмкіндігі, мамандардың жан-жақтылығы аса маңызды екендігін көрсетіп келеді. Сондықтан елімізде мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талап та, оларға артылатын жүк те, сенім де қазір күшейіп келеді. Сондықтан өз қызметіне үлкен жауапкершілікпен қарап жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы және диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жоспарын жоғары деңгейде жасақтап, ветеринариялық және санитарлық-гигиеналық білімді насихаттауды қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығыжануарларыныңбруцеллез ауруын алдын-алу және жою бойынша іс-шаралардыұйымдастырып, ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігін арттыру бойынша жұмыстар атқарды. Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға айрықша назар аударылып, көңіл бөлінуде. Бұл жағдайда мемлекеттік қызмет жүйесінің дамуы саяси жүйенің, экономиканың, қоғамдық қарым-қатынастардың қалыптасуымен,мемлекеттік басқару жүйесінің оңтайландырылуымен тығыз байланысты.
Жалпы өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді атқаруда оң нәтиже көрсетіп, маңызды мәселелерді шешуде үнемі жаңа бағыттар мен көзқарастарды қарастырып жүреді. Сонымен қатар Гүлмира Рамазанқызы ветеринария саласындағы тәжірибесіменбөлісіп, саладағы барлық мамандарға және басқармадағы жас мамандарға көмектесіп, кәсіби шеберлігімен үлгі болып келеді.Әділдік, қарапайымдылық үлгісі, жоғары моральдық жауапкершілік, кәсіби білім, оларды тәжірибеде қолдана білу, адалдық және парасаттылық - бұл белсенді өмірлік ұстаным. Сол себепті мемлекеттік қызметші іс-әркетіне жауаптылықпен қарап, жоғары орындаушылық, өзіне және әріптестеріне талап қоя білу, тәртіптілік және мүлтіксіз адамгершілік қасиеттеріне ие болуы тиіс. Сондай қасиеттерге ие болып, сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып, әдептіліктің үлгісі болған Гүлмира Рамазанқызы ұжым ортасында беделді, ұстамды, адамгершілігі мол, мінезге өте бай жандардың бірі. Үнемі сыпайы қарым-қатынаста,қарапайым басшы, қызметкерлердің мүддесін қорғап жүреді.