ФАО обучает ветеринарных специалистов ЗКО

ФАО обучает ветеринарных специалистов ЗКО

27 маусым күні Орал қаласында БҚО ветеринарлық фельдшерлері үшін биологиялық материалдан сынама алу бойынша тренинг өтті. Шараны Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) «Пандемиялармен күрес қоры: Орталық Азияда “Біртұтас денсаулық” тәсілі негізінде пандемияға дайындық және әрекет ету» жобасы аясында ұйымдастырды. Теориялық бөлім Orta yurta коворкинг-орталығында, ал практикалық бөлім «Батыс Адал-Ет» сою пунктінде өтті.

Қатысушылар сібір жарасы, бруцеллёз, құс тұмауы, пастереллёз сияқты қауіпті ауруларды диагностикалау кезінде сынама алу, биоқауіпсіздік шараларын сақтау, материалды дұрыс буып-түю, тасымалдау және ветеринариялық құжаттарды рәсімдеу бойынша халықаралық және ұлттық стандарттармен танысты. Мұндай оқыту ветеринариялық жүйенің тұрақтылығын күшейтіп, зооноздық аурулардың таралу қаупін төмендетуге ықпал етеді.

Тренингке 20-ға жуық ветеринар маман қатысты. Нәтижесінде олардың практикалық дағдылары артып, аймақтық деңгейде жұқпалы ауруларға уақытылы және сапалы диагностикалық жауап беру мүмкіндігі жақсарады деп күтілуде.